Өзбекстанда ақылы жолдардың қашан аяқталатыны белгілі болды

Өзбекстан аумағындағы ақылы жолдардың бірнешеуі 2026 жылға дейін аяқталатыны белгілі болды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту агенттігінің директоры Закир Бозоровтың мәлімдеуінше, «Ташкент-Әндіжан» және «Ташкент-Самарқанд» ақылы автомобиль жолдары 2026 жылға дейін аяқталады.
Қазіргі уақытта көлік саласында 2022-2026 жылдары жүзеге асыру жоспарланған 5 ірі жоба бойынша құжаттарды дайындау және зерделеу жалғасуда:
Олар қатарында:
- Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ташкент-Әндіжан ақылы автокөлік жол құрылысы жобасы;
- Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ташкент-Самарқанд» ақылы автокөлік жолын салу жобасы;
- Самарқанд пен Шахрисабз қалалары арасындағы 66 шақырымдық автожол және «Тахтакорча» асуында 4,4 шақырымды туннель салу жобасы;
- Дүниежүзілік банк тобының Ташкент қаласы мен облыстық халықаралық әуежайларды жаңғырту және басқару жобалары бойынша зерттеулері жалғасуда;
- Бұхара және Урганч халықаралық әуежайларын жаңғырту және басқару жобасы бойынша зерттеу жұмыстары жалғасуда.