
2022 жылдың 18 мамырында Мемлекет басшысы «Цемент-бетон төселген жолдар желісін кеңейту шаралары туралы» қаулы қабылдады.
Қаулыға сәйкес, 2022 жылы цемент-бетон төселген ішкі жолдарды салу және жөндеу жұмыстары кластерлік тәртіпте жүргізіледі.
Соған қарай, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласында 2022 жылы жалпы ұзындығы 2606 шақырым цемент-бетон төселген ішкі жолдарды салу жоспарлануда.
Жобалық ұйымдарды тартуды, жауапты ұйымдармен техникалық шарттарды келісуді, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және олардың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыруды тапсырыс беруші ұйымдар жүзеге асырады.
Жасалған жобалық-сметалық құжаттама мен қалыптасқан бағалар «Шаффоф қурилиш» («Айқын құрылыс») электронды алаңы арқылы мемлекеттік сараптамадан өтеді.
Кластерлік әдісте цемент-бетон төселген ішкі жолдардың құрылысын жүзеге асыратын бас мердігер ең жақсы өтінімдерді таңдау арқылы анықталады.