Өзбекстанда 2022 жылы шамамен 91 миллиард сумдық дәрі-дәрмекке сертификат берілмеді

2022 жылы Өзбекстанда жалпы құны 90,57 миллиард сум тұратын дәрі-дәрмекке сертификат берілмеген.
Фармацевтика желісін дамыту агенттігінің хабарлауынша, 271 түрлі дәрілік заттардың 3 382 502 шартты пакеті жарамсыз деп танылған.
Фармацевтикалық өнімдерге берілген өтінімдер негізінде 2022 жыл ішінде ұсынылған дәрілік заттар белгіленген тәртіппен сертификаттау үшін сараптамадан өтіп, оның қорытындысы бойынша 24 елде және Өзбекстанда өндірілген жалпы құны 90,57 млрд сумды құрайтын 271 түрлі дәрілік заттардың 3 382 502 шартты пакеті жарамсыз деп танылған.
«Осы себепті атаулы дәрілік заттарға сертификат құжаты берілмей олардың сатылуына тосқауыл қойылды», делінген хабарда.
Мына сілтеме арқылы сертификатталмаған дәрілермен толықтай танысуға болады.