English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады
20:41 / 2022-01-05

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрші Қазақстан еліндегі оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.

Бауырлас Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды Өзбекстан тарапы алаңдаушылықпен қабылдап, бұл елдегі жағдайдың барысы мұқият бақылануда.

Дана Қазақстан халқы елдегі тұрақсыздықтың өршуін болдырмау, зорлық-зомбылықтың орын алуы, адамдардың құрбан болуына жол бермеуге қол жеткізетініне сенімдіміз.

Қазақстан халқының өзара бірлікті сақтауға, елде бейбітшілік пен тыныштықты қалпына келтіруге және мәселелерді өз бетінше шешуге белсене және ерік-жігері жеткілікті деп есептейміз.

Өзбекстан Қазақстан халқы мен басшылығының елдің тұрақтылығы мен дамуы және ұлттың игілігі жолындағы ұмтылысын қолдайтынын тағы да мәлімдейді, делінген ресми СІМ ақпаратында.