English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы мен UNWTO Бас хатшысы кездесу өткізді
10:46 / 2022-11-08

2022 жылғы 7 қарашада Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Өзбекстанға сапармен келген Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесу өткізді.

З.Пололикашвили Өзбекстанда туризм инфрақұрылымын жақсарту, тарихи ескерткіштерді сақтау және реконструкциялау, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізілген жүйелі шараларды жоғары бағалады.

Өзбекстан UNWTO-ның жетекші серіктестерінің бірі және ұйымның республикамен қарым-қатынасты жан-жақты жандандыруға дайын екендігі айтылды. Өзбекстанның туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін мойындай отырып, бұл құрылым Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру, Орталық Азиядағы өңіраралық туризмді ілгерілету, аймақтық туристік бағдарламаларды дамыту және трансшекаралық маршруттарды қалыптастыру арқылы туристер ағынын арттыруға бағытталған саясатты қолдады.

Кездесу барысында білім саласындағы коммуникацияға ерекше көңіл бөлінді. Самарқанд қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық туризм университетін осы салада мамандар даярлауға маманданған аймақтық орталыққа айналдыру, UNWTO-ға мүше елдердің туристік жоғары оқу орындары ректорларының форумын өткізу, Ұйыммен бірге ғылыми-зерттеу мекемелерінің желісін құру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

2023 жылы Самарқандта өтетін UNWTO Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясына дайындықтың ұйымдастырушылық аспектілеріде талқыланды.