English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы Кувейт елшісін қабылдады
10:38 / 2023-01-31

2023 жылдың 30 қаңтарында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтиёр Саидов Кувейт Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Ахмед Халед Абдулла әл-Жийраниды қабылдады.

СІМ хабарлауынша, диалог барысында Өзбекстан-Кувейт қарым-қатынастарының саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастығына ерекше назар аударып, бірлескен күн тәртібіндегі басқа да мәселелерді талқылағаны айтылған ақпаратта.