English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы Бағдад Әмреев бастаған делегацияны қабылдады
18:20 / 2022-10-28

2022 жыл 28 қазан күні Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Владимир Норов Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдад Әмреев бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде Өзбекстан мен ТМҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланған.

Тараптар Өзбекстан мен Ұйым арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастар оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өткен.

«Өзбекстанда өткен бірқатар маңызды іс-шаралар, мысалы, Ахбоброт-коммуникациялық технологиялар саласына жауапты министрлердің 4-ші отырысы (2022 жыл 25-26 қазан Самарқанд) және Ұйымға мүше көлік министрлерінің кездесуі (2022 жыл 27 – 28 қазан, Ташкент қаласы) қорытындысы бойынша пікір алмасылды.

Өзбекстанда ТМҰ мен бірлесіп өткізу жоспарланған кездесулер кестесі, оның ішінде Экономика министрлерінің отырысы (2022 жылғы 9 қараша, Самарқанд) және Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы (2022 жылғы 10 қараша, Самарқанд) аспектілері қарастырылды. 

Осы жылдың 11 қарашасында Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін дайындау және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.

Келіссөздер барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кейбір тақырыптар да сөз болды.