
Өзбекстан Президентінің мемлекеттік сапары қарсаңында Сингапурде екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған Өзбекстан-Сингапур бизнес-форумы өтті.
Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің хабарлауынша, шараға Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Қудратов, Сингапурдың сауда және өнеркәсіп министрі Ган Ким Ёнг, Сингапур бизнес федерациясының төрағасы Лим Мин Ян және тиісті министрліктер мен ведомстволардың, салалық қауымдастықтардың басшылары, сондай-ақ екі елдің жетекші корпорациялары, холдингтері мен компанияларының 200-ден астам өкілдері қатысты.
Кейінгі жылдары Сингапурдың Өзбекстанға салған инвестициясының көлемі 700 миллион доллардан асты, Сингапур капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар саны 4-ке, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2 есеге артты. Өңіраралық көліктік-логистикалық жобаларды іске асыру, қолданыстағы көлік дәліздері мен инфрақұрылымдарын белсенді пайдалану өзара сауда көлемін арттырудың ең перспективалы шаралары ретінде белгіленді.
Форум аясында B2B келіссөздері мен Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті және экономикасының түрлі салаларындағы нақты жобалар туралы презентациясы өткен.
Бизнес-форум қорытындысы бойынша сауда, инвестиция және қаржы, химия, энергетика, тоқыма өнеркәсібі, индустриялық аймақтарды дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және азық-түлік өнімдерін өндіру, сондай-ақ құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау мен фармацевтика салаларында 22 келісім-шарттарқа қол қойылды.