English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасы Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
18:57 / 2023-06-08

Бүгін, 8 маусымда Италия Республикасы Президентінің резиденциясы Римдегі Квиринал сарайында осы елде ресми сапармен жүрген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда құрметті қарауыл мен атты әскер сарбаздары сап түзеді. Квиринал сарайының мұнарасында Италия, Өзбекстан және Еуропалық Одақтың тулары көтерілді.

Мемлекет басшысын Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла қарсы алды.

Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрметті қарауыл бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді.

Президенттер құрметті қарауылдың алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерімен амандасты.

Бірге суретке түсу рәсімінен кейін Мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі басталды.