English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасы Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
16:28 / 2022-11-22

Бүгін, 22 қарашада Париждегі дәстүрлі түрде ресми іс-шаралар өткізілетін Құрмет үйінде ресми сапармен Франция Республикасында жүрген Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевті ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне алаңда Франция Республикалық гвардиясының әскери қызметкерлері сап түзеді. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Мемлекет басшысының алдынан гвардияшылар салтанатты түрде жүріп өтті.

Президент Шавкат Мирзиеев пен Францияның сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министрі Оливье Бешт Құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.

Салтанатты шарадан кейін Өзбекстан делегациясы Франция Президентінің резиденциясына – Елисей сарайына жол тартты. Онда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтеді.