English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасы Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясына қатысады
22:10 / 2020-09-20

Шавкат Мирзияев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жоғары деңгейдегі жалпы саяси талқылауына қатысады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жоғары деңгейдегі жалпы саяси талқылауына қатысады.

Бас Ассамблеяның осынау шарасы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты БҰҰ тарихында тұңғыш рет бейне байланыс түрінде өтетін болып, онда Мемлекет басшысы сессияның жалпы отырысында сөзге шығып халықаралық қауымдастыққа аймақтық және жаһандық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша өз көзқарастарын ұсынады және Өзбекстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық модернизациясының басымдықтарын анықтап береді.

Талқылаудың негізгі тақырыбын ескере отырып, коронавирус пандемиясына қарсы бірлесіп күресу және аурудың таралуының жағымсыз салдарын жою мәселелеріне тоқталады.

Өзбекстан Республикасы Президенті аймақтағы және бүкіл әлемдегі қазіргі заманғы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, тұрақты дамуға, адам құқықтары мен бостандықтарына, сындарлы диалогты кеңейтуге, сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі, кедейлікті жою және оны азайту сияқты заманауи қауіп-қатерлер мен нәзік проблемаларға қарсы бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды ұсынады деп күтілуде.

Осы орайда, Мемлекет басшысы 2017 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясында сөйлеген сөзінде де бірқатар маңызды ұсыныстар мен өз көзқарастарын білдірген болатын.

Оларды іске асыру шеңберінде Орталық Азия басшыларының консультативтік кездесулері үнемі өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, екінші осындай кездесу өткен жылдың қараша айында Ташкентте өтті.

2018 жылыдың наурызында Ташкент Ауғанстан бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияны сәтті ұйымдастырды, оның нәтижесінде ауғанаралық бейбіт келіссөздерді бастау үшін өзіндік «жол картасы» болатын декларация қабылданды.

Дәл сол жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының «Ағарту және діни толеранттылық» туралы арнайы резолюциясы қабылданды.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Жастар құқықтары жөнінде конвенциясының жобасы дайындалуда. Осы конвенцияның өзектілігін биыл тамыз айында өткен «Жастар-2020: жаһандық ынтымақтастық, тұрақты даму және адам құқықтары» атты Самарқанд форумының халықаралық қатысушылары елеусіз қалдырған жоқ.

Екі жыл бұрын құрылған Арал өңірі үшін адам қауіпсіздігі бойынша көпжақты серіктестік Траст қоры жұмыс істеп кетуде.

Бір сөзбен айтқанда, Өзбекстан Президенті алға тартқан барлық бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау тауып, іс жүзіне орындалып жатқанын атап өткен жөн.