English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Өзбекстанда Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзі
11:10 / 2019-04-16

Құрметті Қасым-Жомат Кемелұлы!
Ханымдар мен мырзалар!
Асслаумағалейкум қадірлі қонақтар!


Құрметті Қасым-Жомат Кемелұлы!

Ханымдар мен мырзалар!

Асслаумағалейкум қадірлі қонақтар!

Қадірлі қонақтар, сіздерді қонақжай Өзбекстан өлкесінде тағы да құттықтаймыз. 

Бүкіл Өзбекстан халқының атынан ағайынды Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты елімізге алғаш рет мемлекеттік сапары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Құрметті Қасым-Жомат Кемелұлы!

Қадірлі жолдастар!

Ханымдар мен мырзалар!

Бүгін сіздерді Өзбекстанда Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатында құттықтаудан қуаныштымын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, ағам, қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың қыркүйек айында елімізге мемлекеттік сапары кезінде біз өткен жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізіп, ағымдағы жылы елімізде Қазақстан жылын өткізу жайында келісіп едік.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, көпұлтты Өзбекстан халқының атынан Нұрсұлтан Әбішұлына мемлекетіміз арасындағы достық, тату көрші және де серіктестік қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан баға жетпес еңбегі үшін, сондай-ақ мемлекетіңізде өткен тамаша, ұмытылмас Өзбекстан жылы үшін шынайы алғысымды айтқым келеді.

Құрметті Қасым-Жомат Кемелұлымен бірге, бүгін Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылуы екі ел арасында стратегиялық әріптестік байланыстары қарқынды дамып, өзара сенім мен қолдау тауып, бауырластық байланыстары одан әрмен нығайып келе жатқанының дәлелі. 

Мұндай маңызы зор оқиға халықтарымыз арасындағы мәңгілік және шынайы достықты сипаттап, мәдени және рухани бірлік символы саналады.

Қазақ елінің Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Есенберлин, Олжас Сүлейменов сынды көптеген атақты мәдениет қайраткерлері бейбітшілік пен ізгілікті сақтау мен халықтарымызға ортақ ұлы адами құндылықтарды дәріптеген.

Өзінің шынайы шығармаларымен олар, осындай ізгі қасиеттерді қазіргі ұрпаққа жеткізу арқылы, елдеріміз, халықтарымыз арасында дәстүрлі достық пен тату көрші қарым-қатнастарын кеңейтуге ықпал еткен.

Осыған орай мен ынтымақтастығымыздың болашағына зор ынтамен қараймын және Өзбекстандағы Қазақстан жылы сонау ертеден келе жатқан қарым – қатнастарды нығайтуына сенімдімін.

Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеттік және қоғамдық құрылымның барлық саласында, оның ішінде заманауи бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, өмір сүру деңгейінің және өмір сүру сапасының тұрақты өсуін қоса алғанда, бүкіл әлемге өзінің маңызды жетістіктерін көрсеткеніне қуаныштымын.

Сенімім кәміл, елімізде жарияланатын Қазақстан жылы аясында түрлі ұйымдастырылатын іс-шаралардың жемісті нәтижесін көрсету мүмкіндігін береді, мүмкін екі елдің өнер, білім, ғылым, кәсіпкерлік салсындағы жандар арасында маңызы зор байланыстарды өзара кеңейту, білімдегі жетістіктер мен алмасу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 

Мұның барлығы мәнетиетті байытуға, халықтарымызды жақындатауға сөзсіз ықпал етеді.

Елімізде жақында өткен Халқаралық жыраулар фестивальінде қазақстандық Ұлжан Байбосынова Гран-приге ие болғаныда қуанарлық жәйіт.

Барлық қазақстандық жолдастарымызды шын жүректен құттықтаймын!

Қадірлі достар!

Менің ойымша, Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылу алдынан бауырлас елдің өнер майталмандарының салтанатты концерт дәстүрі – көп ұлтты Қазақстанның ауқымды және жарқын шоуы мен бастау алуында ерекше сипат бар.

Шынында да, поэзия, музыка және ән, халықтың таза және әдемі арман тілектері, ізгілікке ұмтылу қасиеттерін сипаттайды.

Осыған байланысты мен осы мерекелік концертті ұйымдастырғаны үшін Қазақстандық барша достарымызға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Құрметті достар!

Қазақ халқының мақалында айтылғандай «Туысы жақын – жақын емес, қонысы жақын – жақын».

Біз бауырлас Қазақстанмен достық пен тату көршілік қарым-қатынастарымызды бағалаймыз және жақын көршімізбен көпжақты серіктестігімізді нығайтуға тырысамыз.

Біз әрқашан бір-бірімізбен желкелес болып келеміз, қауіп-қатерге қарсы бірге күресіп, ал бүгін күнде кемел болашағымызды да, бірге құрып жатырмыз.

Менің ойымша, бұл жолда біздің ұлы бабаларымыз Әлішер Науаиы мен Абай Құнанбаевтың киелі рухы бізді қолдайды.

Біздер халықтарымыздың, перзенттеріміз бен немерелеріміз тыныштығы мен бейбітшілігі жолында бар күшімізді саламыз!

Құрметті Қасым-Жомат Кемелұлы!

Қадірлі қазақстандық жолдастар!

Бүгінгі күн өзбек-қазақ қарым-қатынасында жаңа тарихи күн ретінде халықтарымыз арасындағы бауырластық байланыстарды дамыту үшін ерекше мүмкіндік сыйлайды деп сенемін.

Өзбекстанға тағы да қош келдіңіздер!

Назар аударғандарыңыз үшін рақмет!