English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан құрамасы Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді
15:58 / 2022-10-29

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Өзбекстан футбол қауымдастығының хабарлауынша, жолдастық кездесуі осы жылдың 20 қарашасы күні Ташкентте өтеді.

Оған дейін Сречко Катанец шәкірттері 16 қараша күні Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болады. 

Ресей құрамасымен өтетін матч дәл осы «Пахтакор» стадионында өтуі жоспарланған.  Өзбекстан құрамасымен кездесу алдында Ресей құрамасы 17 қараша күні Душанбеде Тәжікстан құрамасымен ойнайды.