Өзбекстан Қазақстаннан 2,5 миллион тонна бидай импорттады

Өзбекстан жыл басынан бері көрші Қазақстаннан 2,5 миллион тонна бидай импорттады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан Қазақстаннан 2,5 миллион тонна бидай мен 374,5 мың тонна бидай ұнын сатып алды.
Комитет дерегінше, осы кезеңде картоп (155,1 мың тонна), арпа (98,9 мың тонна), өсімдік майы (81,7 мың тонна), маргарин өнімдері (40 мың тонна), жүгері (37 мың тонна), сиыр еті (16 мың тонна), сүт өнімдері (4,4 мың тонна), кондитерлік өнімдер (2,3 мың тонна), какао және шоколад (1,6 мың тонна) импортталды.
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан әлемнің 109 елінен 3,2 миллиард АҚШ долларына тең азық-түлік өнімдерін сатып алған.
Еске салар болсақ, өткен жылдың 11 айында Өзбекстан шетелге 1 миллиард долларлық жеміс-жидек пен көкөніс экспорттады.