English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Қатар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылды
16:45 / 2023-06-06

Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад әл Сонийдің қатысуымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және т.б. екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайтуға бағытталған 15 екіжақты құжатқа қол қою рәсімі өтті.

Атап айтқанда, мына құжаттарға қол қойылды:

- Инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы үкіметаралық келісім;

- Екі жақтама салық салуды болдырмау және табыс пен мүлік салығын төлеуден жалтаруды жою туралы үкіметаралық келісім;

- Кеден ісі бойынша өзара көмек туралы үкіметаралық келісім;

- Еңбек қатынастары саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім;

- Дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісім;

- Жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық меморандум;

- Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық меморандум;

– Сауда саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

- Ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

- Өсімдіктер карантині және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

– Спорт және жастар ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

- Ташкент пен Доха қалалары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Сондай-ақ, сыртқы істер және әділет министрліктері арасында 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламалары мен Басым инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бірлескен алаңын құру туралы келісімге қол қойылды.