English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Тәжікстанға барады
21:49 / 2023-09-13

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 14-15 қыркүйекте Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуі және Аралды құтқару халықаралық қорының саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласында болады.

Орталық Азия елдері басшыларының бесінші кездесуінің күн тәртібінде аймақтағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, оның ішінде саяси диалогты дамыту, сауда, инвестиция, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және экология салаларындағы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілету мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру, қауіпсіздік саласындағы заманауи қауіп-қатерге қарсы шаралар қабылдау мәселелері талқыланады.

Аралды құтқару қорының құрылтайшы елдері басшыларының осы бірлестіктің құрылғанына отызыншы жылында өтетін мерейтойлық кездесуінде су ресурстарын басқару мен оны тиімді пайдаланудағы өңірлік әріптестіктің өзекті аспектілері және қор қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылады.

Іс-шаралар соңында бірқатар көпжақты құжаттарды қабылдау жоспарланған.