English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті ресми сапармен Италияға барады
09:21 / 2023-06-07

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың шақыруымен 7-9 маусым күндері осы елге ресми сапармен барады.

Жоғары деңгейдегі кездесулер Рим қаласында өтеді. Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелла және Премьер-Министр Джорджия Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Өзбекстан мен Италия арасындағы көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастық қарастырылады. Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылады.

Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы штаб-пәтері Италия астанасында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Цюй Дунъюймен кездесу өткізеді. Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін талқылау жоспарланған.

Сапардың іскерлік бағдарламасы Миланда өтеді – Өзбекстан Президенті Ломбардия провинциясының губернаторын қабылдап, Италияның жетекші компаниялары мен ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізеді.