Өзбекстан Президенті мен Қатар Әмірі бірге ағаш отырғызды

Өзбекстан-Қатар саммитінің соңында ағаш отырғызу рәсімі өтті.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Соний Самарқанд қаласындағы Конгресс орталық саябағында бірге ағаш отырғызды.
Бұл Өзбекстан мен Қатар арасындағы көп қырлы қарым-қатынастардағы жаңа кезеңнің басталуы мен Мемлекет басшыларының халықтарымыздың достығын нығайтуға бел байлауының символы.




