
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ташкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу барысында «Өзбекфильм» киностудиясында болып, онда кинематографистермен кездесті.
Мемлекет басшысы биыл жыл басында «Олий Мажлистегі» кезекті Жолдауында кинематография саласында көркемдік жағынан жетілген туындылар жасау, заманауи киноиндустрияны дамыту, оның ішінде жаңа кинотеатрлар салу қажеттігін айтқан болатын.
Соның негізінде салаға үлкен көлемде қаражат бөлініп, «Өзбекфильмдегі» барлық павильондар жөндеуден өтті және жаңа фильмдер түсіру жағдайлары жақсартылды. Студия мен деректі фильмдер студиясы заманауи құрылғылармен жабдықталу жұмыстары жалғасуда.
«Өзбекфильм» киностудиясында Мемлекет басшысы кино өнерінің майталмандары, режиссерлер және осы саланы өзіне сүйікті кәсіп еткен мамандармен кездесіп әңгімелесті.
Сұхбат барысында Президент: - Кино – өте күрделі, халқымыз бен қоғамымыз үшін, маңызды сала. Алдындары «Өзбекфильм» киностудиясы өте нашар жағдайда болатын. Көптеген орындары мен ғимараттары жалға беріп жіберілген еді. Ал, енді жағдай өзгеріп бұл орын өз иесіне - кинорежиссерларға қайтарылды. Кино – бұл тәрбиенің негізі. Бізге осы шығармашылық мектебін ашу керек. Қазір бізде өте күшті фильмдер түсіруге әуес бар, бірақ сапалысы аз. Еліміздің тарихы туралы фильм болуы керек. Бұған уақыт келді, - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жылдары фильмдердің мазмұны мен сапасына назар аудару мен талаптың күшейтілгенінің арқасында бірнеше жақсы фильмдер түсірілді. Атап айтқанда, «Имам Термизи», «Исламхуджа», «Елсүйген», «Қоқан желі», «101», «Үлгі» сынды тарихи фильмдер көрерменге жол тартты.
Кездесу барысында 100 үздік өзбек фильмдері жасақталып, мемлекеттік және жеке телеарналарда көрсету бойынша ұсыныстар жасалды.















