Өзбекстан Президенті Италияға келді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың шақыруымен 7 маусым күні ресми сапармен Рим қаласына келді.
Италия астанасының «Фьюмичино» әуежайында Өзбекстан басшысының сапарына орай екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Жоғары мәртебелі мейманды Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапардың негізгі шаралары ертең, 8 маусым күні басталады.





