
Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығая түспек.
Өзбекстанның Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрінің бірінші орынбасары Олег Пекос бастаған делегация Кореяға іссапармен барды.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сеулде өтіп жатқан кездесуде «Электрондық үкімет және цифрлық экономика саласындағы Өзбекстан-Корея ынтымақтастық орталығы» бірлескен жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сапар Өзбекстан-Оңтүстік Корея бірлескен жобасының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, оның мақсаты Өзбекстанның халықаралық рейтингтердегі орнын жақсарту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды цифрландыру саласындағы өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару. Жасанды интеллектті дамытуды, электронды үкіметтің архитектурасы мен құрылымын оңтайландыруды, цифрлық дағдыларды дамытуды көздейді.
Осы сапар аясында, Корея Республикасы Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік министрлігінің Цифрлық үкімет бюросының бас директоры Со Бораммен келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың келешегін, электронды үкіметті дамыту, экономиканың барлық салаларын цифрландыру, жасанды интеллект, білім беру саласындағы Кореяның озық тәжірибесін зерделеу, екі елдің технопарктері арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.