English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзірбайжанның іскер әйелдерінің бизнес-форумы өтеді
10:29 / 2022-10-31

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенат төрайымы Танзила Нарбоева Самарқандта өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысу үшін сапармен келген Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Сохиба Гафаровамен кездесті.

Кездесуде гендерлік теңдік пен отбасы мәселелері, екі елдің өңірлері арасында практикалық диалог орнату сынды мәселелер басты назарда болды.

2022 жылғы 29 маусымда Сенат Төрайымы Танзила Нарбоеваның Әзірбайжанға сапары аясында Өзбекстан мен Әзірбайжан іскер әйелдерінің бірінші бизнес-форумы өтіп, атаулы форумда өнеркәсіп, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, қолөнер және т.б. салаларда тиімді жұмыс істеп жатқан Өзбекстанның іскер әйелдері қатысуып бірқатар келісімдерге қол жеткізілгені атап өтілді.

Кездесу соңында парламенттер сауда-экономикалық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды құқықтық қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастықты жандандыруға, Өзбекстан мен Әзірбайжанның іскер әйелдерінің кезекті бизнес-форумын Өзбекстанда өткізуге келісілді, делінген хабарламада.