English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады
13:32 / 2022-01-06

6 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында екі ел басшылары өзбек-тәжік стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылап, аймақтағы жағдай, оның ішінде көршілес Қазақстандағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Екі ел басшылары қазіргі болып жатқан оқиғаларға қатысушы тараптарды сабырлық танытып, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен күш-жігерді одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.