
22 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор табыс, бауырлас түркімен халқына амандық және гүлдену тіледі.
Екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Сындарлы саяси диалог пен тиімді ведомствоаралық байланыстар дамып келе жатқаны атап өтілді. Өзара сауда көлемі артып, «Хорезм-Ташовуз» шекаралық сауда аймағын құру жобасы бірлесіп жүзеге асырылуда. Энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қазан айында Ташкент қаласында Түркіменстан мәдениетінің күндері өтеді.
Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері Орталық Азиядағы, оның ішінде қазіргі көпжақты форматтар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесу соңында Мемлекет басшысы Түркіменстан Президенті мен халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.