English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
18:15 / 2020-10-28

Өзбекстан мен Түркия әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды


Өзбекстан мен Түркия әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды.

Өзбекстан қорғаныс министрлігінің ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментінің хабарлауынша, Өзбекстанда болып тұрған Түркияның қорғаныс министрі, генерал Хулуси Акар бастаған делегациямен қорғаныс министрлігінде қабылдау ұйымдастырылып, келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер аясында қорғаныс министрі генерал-майор Баходир Курбанов пен Хулуси Акар Өзбекстан мен Түркияны байланыстыратын мәселелерге тоқталып, дін, тіл, тарихи ғұрып-әдеттер мен екі халықтың достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, қорғаныс министрлері мемлекет басшыларының Өзбекстан мен Түркияға жұмыс сапарлары барысында қол жеткізілген нәтижелерге, әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларына ерекше назар аударып, келіссөздердің қорытындысы бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды.

4V1b7r_gM5KLwW13Fr8FM88zHA5N_CAa.jpg