English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия Президенттері телефон арқылы сөйлесті
15:32 / 2019-12-31

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады


Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 31 желтоқсанда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтады.

Сұхбат шағында 2019 жылдың барысында екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңызды факторы аталып, осы жылда орын алған негізгі оқиға Өзбекстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне кіруінің тарихи маңызы зор болғандығы айтылды.

Биылғы жылда әр түрлі деңгейлердегі қатынастар едәуір жақсара түсіп, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық тұрақты даму жолына бет бұрып, перспективалы бірлескен жобалар іске қосылды және ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық алмасулар кеңейе түсті.

Әңгіме барысында Президенттер алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер саясат, экономика, көлік коммуникациялары, туризм, білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайту үшін уағдаласты және халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.