English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей үкімет басшыларының қатысуында бірлескен комиссия отырысы өтті
17:37 / 2021-06-22

Мәскеуде 22 маусымда Өзбекстан мен Ресей үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы өтті.

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустиннің төрағалығымен өткен кездесуде екі ел басшыларының күш-жігерінің арқасында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар нақты практикалық мазмұнмен байытылғандығы айтылды. 

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы дәйекті түрде қамтамасыз етіліп отыр. Министрліктер мен ведомстволар белсенді байланыс орнатуда, түрлі деңгейлерде сапарлар ұйымдастырылуда, ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттары анықталуда.

Осы белсенді байланыстардың барлығы Өзбекстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына алдағы сапарының күн тәртібін байытуға қызмет етеді.

Үкімет басшыларының айтуынша, Өзбекстан мен Ресей арасындағы экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық тұрақты дамып келеді.

Пандемияға қарамастан, өзара сауданың өсу қарқыны жыл басынан бері қамтамасыз етіліп, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде тауар айналымы 15 пайызға өсті.

Екі елдің Президенттері үкімет басшыларының алдына жақын арада тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін арттыру туралы міндет қойды. Мұндай нәтижеге екіжақты сауданың тұрақты өсуі қамтамасыз етілген жағдайда қол жеткізуге болады.

Ресейлік компаниялар мен банктердің қаражаттары Өзбекстанның негізгі секторларына - мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа салаларға бағытталған.

Қазіргі таңда Өзбекстанда Ресейлік капиталдың қатысуымен 2000-нан астам кәсіпорын жұмыс істеуде.

Кездесуде көлік, білім, медицина, сыртқы еңбек миграциясы, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті дамыту мәселелері де талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған 10-нан астам құжатқа қол қойылды.

[gallery-2885]