English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары телефон арқылы сөйлесті
13:02 / 2022-12-06

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Қырғызстан басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен толағай табыс, бауырлас Қырғызстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

Жоғары деңгейдегі келісімдерге сәйкес Өзбекстан-Қырғызстан арасындағы тату көршілік пен стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары тұрақты нығайып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны үлкен қуанышпен атап өтілді.

Жақында екіжақты маңызды құжаттарға – Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелері туралы келісімге және Әндіжан су қоймасының су ресурстарын бірлесіп басқару туралы келісімге қол қойылып, ратификациялануы практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, екі елдің және бүкіл аймақтың тұрақты дамуына қызмет ететіні айтылды.

Сонымен қатар, өзара сауда көрсеткіштері артып келеді – жыл басынан бері сауда көлемі 1 млрд долларға жетті. Өзбекстан-Қырғызстан даму қоры өз қызметін бастады, өнеркәсіп, энергетика, электротехника, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салаларда ынтымақтастық бойынша бірқатар жобалар бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» теміржолы мен Қамбар-ата су электр станциясын салу бойынша ірі аймақтық жобаларға дайындықтар пысықталуда. 

Мемлекеттер басшылары алдағы диалогтардың күн тәртібін сапалы түрде байыту мақсатында сауда келісімдері мен инвестициялық бағдарламалар портфелін кеңейтудің маңыздылығын сөз етті.