English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары енді екі елге ID-карта арқылы бара алады
12:35 / 2023-01-28

Президент Шавкат Мирзияевтің Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында 2006 жылғы 3 қазанда Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында қол қойылған Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама да алмасылды. Бұл туралы ӨзА тілшісі хабарлайды.

Оған сәйкес, енді Өзбекстан азаматтары Қырғызстанға, дәл осылай Қырғызстан азаматтары да Өзбекстанға ID-картамен кіре алады (бұрын тек шетелге шығу төлқұжатпен ғана мүмкін еді).

Азаматтардың шекарадан кіруі және шығуы туралы ақпарат электронды түрде тіркеледі де, төлқұжатқа мөр басудың қажеті болмайды.

Осы жеңілдік шекараны кез келген көлік түрімен (ұшақ, пойыз, автокөлік, автобус және т.б.) кесіп өтуде қолданылады.

Бұл рәсім қол қойылған құжаттарды екі ел де тиісті түрде бекіткеннен кейін күшіне енеді. Оған шамамен 1-2 айға жуық уақыт кетеді.

Бұл процедура әсіресе Өзбекстанның Сух, Шахимардан, Чуңғара сияқты эксклав облыстарындағы қандастарға үлкен жеңілдік болып, олардың шекарадан өтулеріндегі артық бюрократияға жол бермейді.

Еске сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Өзбекстан бірде-бір елмен ID-карта арқылы өзара жүру тәртібі белгіленбеген еді. Қырғызстан бірінші болды.