English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан туристер ағынын арттыру мақсатында «Жол картасына» қол қойды
10:47 / 2023-01-20

Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығы, Өзбекстанның Мәдениет және туризм министрлігі және Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі арасында үшжақты «Жол картасына» қол қойылды.

«Жол картасында» екі ел арасындағы саяхатшылар ағынын арттыратын туристік бағдарламаларды әзірлеу, туристік компаниялар арасында ақпарат алмасуды жолға қою көзделген. Сонымен қатар, елдердің туристік әлеуетін көрсететін ақпаратты жүйелі түрде арнайы зиярат туристік алаңында орналастыру, шекаралық өткізу пункттерінде туристерге қолайлы жағдай жасау, Түркістан-Ташкент бағытында автобус қатынасының санын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу көзделген.

Онлайн өткен кездесуде Өзбекстан туризм саласының өкілдері 2023 жылдың қазан айында Қазақстанда өтетін ТМҰ мүше және бақылаушы елдердің келесі кездесуіне шақырылды. Мәдениет және туризм министрлігі ТМҰ Хатшылығының мүше және бақылаушы мемлекеттер арасында мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған барлық жобаларын қолдайтынын білдірген.