English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас талқыланды
16:45 / 2022-10-28

Өзбекстан Үкіметтік делегациясының Қазақстанға сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев Астанада Қазақстан үкіметінің мүшелері және негізгі министрліктер мен ведомстволар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Министрлік дерегінше, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездесуде екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстандық тарап екі ел арасындағы барлық деңгейдегі екіжақты стратегиялық қарым-қатынастардың берік іргетасы болып табылатын екі ел басшылары арасындағы тұрақты диалогтардың сенімді сипатын ерекше атап өтті. Әңгімелесу барысында өзара серіктестіктің барлық бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірілді. 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен энергетика, машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, өнеркәсіптік кооперация, тау-кен өнеркәсібі, трансшекаралық су бассейндерін бірлесіп басқару және пайдалану салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды. 

Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын (ХӨЫО) құру, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасына жоғары деңгейдегі сапардың қорытындысы бойынша «Жол картасымен» бекітілген жалпы құны 3,3 млрд долларды құрайтын 34 жобаны және 37 жаңа 2,5 млрд долларды құрайтын жобаны жүзеге асырудың өзекті мәселелері қаралды. Бекітілген желілік кестелер негізінде жобалардың техникалық-экономикалық негіздерін дайындау және оларды келешекте іске асыру, сондай-ақ перспективалық инвестициялық жобаларды ХӨЫО аумағында орналастыру бойынша жұмысты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді. 

«ҚР Премьер-Министінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен сұхбат барысында өзара сауда көлемін ұлғайту, трансшекаралық және өңірлік көлік-логистикалық дәліздерді кеңейту бойынша нақты практикалық шараларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды. Өзбекстандық тауар өндірушілердің Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларға қатысуы туралы, сондай-ақ екі елдің экспорттаушыларының ет және ет өнімдерін өзара жеткізуді жеңілдету бойынша нақты шаралар қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді», делінген хабарламада.

Кездесулер қорытындысы бойынша талқыланған жобалар мен бастамаларды жедел жүзеге асыру аясында жауапты министрліктер мен ведомстволардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілген.Учрашувлар якунида муҳокама этилган лойиҳа ва ташаббусларни жадал амалга ошириш доирасида масъул вазирлик ва идоралар раҳбарларига тегишли топшириқлар берилди.

 

ӨзА