English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Италия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді
23:51 / 2023-06-08

Келіссөздер соңында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони екі ел арасында стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын орнату туралы бірлескен декларацияны қабылдады.

Көшбасшылардың қатысуымен көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 11 мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжат алмасу рәсімі өтті. Олардың қатарында құқықтық мәселелер, өнеркәсіптік меншік және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар.

Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Мәдени мұра агенттігі мен Италия сауда агенттігінің реставрация саласында, Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Италия Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар, сыртқы істер министрліктері арасында 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын мен 2026 жылға дейінгі мәдени алмасу бағдарламасы қабылданды.