Өзбекстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастық туралы келісім жөнінде жиын өткізді

Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздердің бесінші раунды бейне байланыс форматында өтті
9-10 шілде күндері Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздердің бесінші раунды бейне байланыс форматында өтті.
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Шерзод Асадов және Еуропалық сыртқы әрекеті қызметінің Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Люк Девин басшылығындағы делегациялық жиында, екі жақтық және атаулы халықаралық ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы жоғары деңгейдегі кездесулер едәуір күшейгені айтылып, осы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған түрлі деңгейдегі болашақ іс-шаралар кестесі қарастырылды.
Саясат пен қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының шеңберінде өткен келіссөздер барысында қол жеткен нәтижелер жақсы бағаланып, екі тараптың да кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің мәтіндік бітімін жеделдетуге екі тарапта дайын екендігі айтылды. Бұл құжатқа қол қою Өзбекстан мен ЕО арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретін болады.