
Өзбекстан мен Бруней арасында тікелей әуе рейстері жолға қойылады.
«Dunyo» ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Куала-Лумпурдағы Өзбекстан елшілігінің қолдауымен Өзбекстан мен Бруней көлік министрліктері, сондай-ақ Uzbekistan Airports, Marokanda Air және Royal Brunei Airlines басшылары арасында онлайн кездесу өтті.
Келіссөздер барысында ынтымақтастық орнату мәселелері, Royal Brunei Airlines әуе компаниясының Өзбекстанға тікелей рейстерін орындауы талқыланған.
«Алғашқы қадам ретінде әуе қозғалысы туралы келісімді әзірлеп, оған қол қою арқылы ынтымақтастықтың құқықтық негізін жасау ұсынылды. Екі елдің нарықтарын өзара зерделеу мақсатында республикалық авиакомпаниялармен кодтық немесе интерлайндық келісім негізінде өзара ынтымақтастық мүмкіндігі қарастырылған.
«Бруней Көлік және ақпараттық коммуникациялар министрлігінің Авиацияны дамыту департаментінің басшысы Лайлатул Зурайда екі елдің авиациялық әкімшіліктері мен әуежайларының әлеуетін күшейтуді, қажылық туризмі мен «Умра+» аясында ынтымақтастық орнатуды ұсынды», делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша Бруней Көлік және ақпараттық коммуникация министрлігі мен Royal Brunei Airlines өкілдерінің Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілгені айтылады ақапаратта.
1974 жылы негізі қаланған Royal Brunei Airlines — Брунейдің мемлекеттік ұлттық әуе компаниясы. Бүгінгі таңда компания Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропа, Австралия және Океаниядағы 20 бағытқа тұрақты рейстерді орындайды.