English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен БАӘ инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтады
14:28 / 2023-12-02

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Дубайға сапарының іскерлік шаралары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар министрі, «ADQ» холдингінің бас атқарушы директоры Мухаммад Хасан әл-Сувайди бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуге «TAQA» компаниясының басшысы Джасим Хусайн Табет пен «Масдар» компаниясының басшысы Мухаммад Джамиль әл-Рамахи де қатысты.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың бірлескен жобаларын қолдау және ілгерілету мәселелері қаралды.

Экономиканың басым салаларында серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Энергетика саласындағы ынтымақтастық кеңейіп келеді. Сапар аясында осы бағытта «Масдар» компаниясымен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Масдар» компаниясының бас директоры Мухаммад Джамиль әл-Рамахиге көп салалы Өзбекстан-БАӘ қарым-қатынасындамытуға қосқан жеке үлесі үшін Өзбекстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Достық» орденін табыс етті.