English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
18:08 / 2020-10-07

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары ғасырлар бойы достық пен тату көршілік байланыстарына негізделген екіжақты қатынастардың жай-күйін, сенім мен стратегиялық серіктестік қағидаттарын және оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күннің өзекті проблемасына айналған коронавирустың таралу салдарын тез арада жою мақсатында Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтері деңгейінде тығыз үйлестіру мен белсенді алмасулар болып тұрған жағдайы да сырт қалған жоқ.

Екі елдің тауар айырбастау көрсеткішін кеңейтуге бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетуге, кәсіпкерлер мен аймақтардың жаңа бастамаларын қолдау арқылы ынтымақтастықты ұлғайтуға және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Президенттер аймақтағы болып жатқан оқиғалар туралы пікір алмасып, Қырғызстандағы жағдай атаулы елдің Конституциясына және ұлттық заңнамасына сәйкес тезірек тұрақталатынына үміт білдірді.