English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Австрия сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде
18:04 / 2023-12-04

Вена қаласында Өзбекстан-Австрия үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 8-ші отырысы және бизнес-форум өтті.

Шараға Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, индустрия және сауда министрінің орынбасары Бадриддин Обидов, Австрия Федерал Еңбек және экономика министрлігінің бас директоры Флориан Фраушер, осы елдің Экономикалық палатасының вице-президенті Филипп Гади, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының 100-ден астам өкілі қатысты.

Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қатыстың өзекті мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны дамыту шаралары талқыланды.

Аустриялық компаниялар ауқымды реформалар мен қолайлы инвестициялық ортаның арқасында Өзбекстан нарығына жоғары қызығушылық танытып отырғаны атап өтілді. Көпжақты әріптестікті тереңдету үшін пайдаланылмаған мол мүмкіндіктер бар екені айтылды.

Инвестиция тарту тетігі, маусымдық туризмді дамыту, «жасыл» технологияны енгізу, баламалы энергетика, тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылым мен теміржолды жаңғырту, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту сияқты маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды. 

Австрия тарапы осы бағыттар бойынша 20-дан астам ұсыныс жасады.

Қол қойылған қорытынды хаттамада жақын арада қосарланған салық салудың алдын алу туралы декларация, әуе қатынасы туралы келісім, Өзбекстанда Австрияның сыртқы сауда кеңсесін ашу, өзара сауда бойынша ақпараттық базаны жетілдіру, сондай-ақ өзара сауданы қамтамасыз ету туралы келісімдер көрініс тапқан.

Бизнес-форум аясында Өзбекстанда химия және тау-кен өнеркәсібі, фармацевтика, геология, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылған табысты бірлескен жобалардың тұсаукесері өтті. Нақты жобаларға Австрия Ұлттық банкі мен басқа да жетекші компаниялардан қаржы ресурстарын тартуға келісілді.

«B2B» және «G2B» кездесулері мен келіссөздерінің соңында ынтымақтастықты дамытудың бірлескен жол картасы қалыптастырылды. Құжатта қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау тетігі де көрініс тапты.

Сапар аясында ірі австриялық компаниялардың басшыларымен де келіссөздер жүргізіліп, сындарлы пікір алмасу барысында денсаулық сақтау және фармацевтика, мал шаруашылығы, отқа төзімді шыны және оқшаулағыш материалдар өндірісі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісілді.

Бір сөзбен айтқанда, Австриялық компаниялар Өзбекстанмен ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып, Өзбекстан экономикасының түрлі салаларындағы перспективалы бірлескен жобаларға инвестицияны айтарлықтай арттыруға дайын екендігі байқалды, делінген хабарламада.

ӨзА