English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ауғанстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
16:21 / 2020-12-02

2 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме басында Президент Ашраф Ғани Ауғанстанның көп ұлтты халқы атынан Өзбекстан басшысына ауғанаралық бейбітшілік процесін жан-жақты қолдағаны және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде коронавирусқа байланысты практикалық көмек көрсеткені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Президенттер екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқыны артып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті және екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы, аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер талқылады.

Пандемияның салдарына қарамастан, екіжақты сауда көлемі айтарлықтай өсті, іскерлік байланыстар күшейе түсті. Екі елдің кәсіпкерлері үшін бірегей мүмкіндіктері бар Терміз халықаралық сауда орталығы құрылды.

Қазіргі кезде сауда көлемін екі есеге арттыру, сауда үйлерінің желісін кеңейту және ынтымақтастық жобаларының жаңа кешенін қалыптастыру үшін заңнамалық базаны жетілдіру мәселелері жасалуда.

Гуманитарлық саладағы бірқатар маңызды бірлескен іс-шаралар сәтті жалғасуда. Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында Ауғанстанда алғаш рет өзбек тілінің мерекесі мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Сонымен қатар, Терміздегі Оқу орталығының базасында ауғандық мамандарды оқыту жалғасуда және маңызды денсаулық сақтау бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Аймақтағы өзара тәуелділікті одан әрі нығайтудың, Ауғанстанды халықаралық сауда-экономикалық қатынастарға интеграциялауға бағытталған басым жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы сөз болып, трансауғадық теміржол жобасын іске асыруға қолдау көрсету үшін жетекші елдер мен халықаралық қаржы институттарына бірлескен үндеу жолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Сурхан-Пули Хумри» бағытында электр беру желісінің құрылысын жеделдету мәселелері келісілді.

Байланыс соңында екі лидер Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы достық, тату көршілік және кең серіктестік байланыстарын нығайтуға бел буғандықтарын растады.