English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мектептерінде сабақ 14 қыркүйектен бастап жалғасады
22:32 / 2020-08-28

Президент Шавкат Мирзияев жалпы білім беретін мектептердегі оқу жылына дайындық туралы бейнеконференциялы жиын өткізді


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 28 тамызда жалпы білім беретін мектептердегі оқу жылына дайындық туралы бейнеконференциялы жиын өтіп, онда жаңа оқу жылы 14 қыркүйектен басталуы мәлім болды.

Төрткүл дүниеге жайылған коронавирустың әсерінен білім саласы өзгешелікті талап етуде. Өзбекстанда алғашқы індет анықталғаннан кейін, 16 наурыздан елдегі дәстүрлі оқыту процестері тоқтап, балалар үйде онлайн режимінде білім алды.

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналарды оқу процесі қандай тәрізде басталады деген сұрақ қызықтыруда. Сол себепті Мемлекет басшысы үкіметке осы мәселе бойынша халықтың пікірін білуді, ата-аналармен және мұғалімдермен ақылдасып, ортақ шешім қабылдауды тапсырған болатын.

Соған орай 5,5 млн ата-ана қатысқан сауалнамаға байланысты олардың 76 -пайызы мектепке барып оқу үрдісін дәстүрлі түрде жүргізуді жақтады. 24 пайызы теледидар сабақтары арқылы қашықтан жалғастыруды жөн көрген. Бұл жағдай мұғалімдермен ұйымдастырылған шарада тәрбиешілердің көпшілігі балалардың өзімен бірге сыныпта отырып, сабақ өтуді қуана қарсы алатындығын білдірген.

Осы тұжырымдардың негізінде мектептердегі оқу процесін бір уақытта екі түрлі тәсілмен ұйымдастыруға шешім қабылданды. Яғни, ол ата-аналардың көпшілігінің қалауы бойынша дәстүрлі, және қашықтық түрде оқу процесі жалғасатын болады.

Жиында Мемлекет басшысы елдегі қазіргі жағдайға байланысты дәрігерлердің еңбегі орасан екенін айтып, оқытушылардың қызметін қолдай тұрып: «Егер менен бүгінгінің батырлары кім деп сұрайтын болса?, мен тек денсаулық сақтау қызметкерлері емес, сонымен қатар құрметті ұстаздарымыз деп айтар едім. Әнгіме тек қаржылық ынталандыру жайлы емес. Біз өзін жастарды тәрбиелеуге арнаған әр мұғалімге деген үлкен құрмет қоғамын құруымыз қажет. Баланы 11-сыныпқа дейін тәрбиелеу оңай шаруа емес! Көп нәрсе сынып жетекшілеріне байланысты, біз оларды тыңдауымыз, оларды қолдауымыз керек. Мектепте өзгеріс болмаса, ешқандай салада өзгеріс болмайды, - деді Шавкат Мирзияев.

Бүгінгі күннің батырлары саналатын педагогтар мен дәрігерлердің жанқиярлық еңбегін, жоғары мінез-құлықтың үлгісін көрсету мақсатында олардың қызметі туралы толық метражды фильмдер мен сериалдар түсіруге тапсырма берілді.

Аудан және қала әкімдері, сектор басшыларына мектептерді санитарлық талаптарға сәйкес негізгі құралдармен толықтай қамтамасыз ету міндеті қойылып, 5 қыркүйекке дейін санитарлық қызмет көрсету орталықтары өз ауданындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының жағдайын зерттеп, қоғамдастыққа қосымша дайындық жүргізеді. Содан кейін жаңа оқу жылы 14 қыркүйектен бастау бойынша мектептерде іс-шаралар схемасын әзірлеу және енгізу тапсырылды.

Ал қашықтан өтетін сабақтар теледидар арқылы 3 телеарнада тұрақты түрде көрсету қажет екендігі айтылды.