
АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында Халықаралық геодезия апталығы басталды. Оған Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігіне қарасты Кадастр агенттігінің мамандары да қатысуда.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, осынау мәртебелі шараға Өзбекстан өкілдері алғаш рет қатысып отыр.


28 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін бұл шарада Халықаралық геодезистер федерациясы геодезиялық, кадастрлық, кеңістіктік мәліметтер ұсынады. Осы саланың басқа бағыттар бойынша, әлемнің түрлі елдеріндегі жетістіктер, тәжірибелер мен проблемалық мәселелер қарастырылады.
Халықаралық геодезистер федерациясы 1878 жылы 18 шілдеде Парижде 7 ұлттық бірлестіктердің – Бельгия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Испания және Швейцария делегаттарымен құрылды және ұйым Халықаралық геоматика федерациясы ретінде белгілі. Дүние жүзіндегі геодезисттердің мүддесін қорғап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызып отырған бұл халықаралық ұйымға әлемнің 120-дан астам елі мүше.