Өзбекстан ғарыш кеңістігін зерттеу туралы шартқа қосылды
Шарт 1967 жылдың 10 қазанында күшіне енген және 2024 жыл жағдайы бойынша оған 114 мемлекет қосылған.
Ғарыш кеңістігін, соның ішінде Ай мен басқа да аспан денелерін зерттеу және оларды пайдалану бойынша мемлекеттердің қызметі принциптері туралы шартқа Өзбекстанның қосылуы жөніндегі заңға қол қойылды.
Заңды 2024 жылғы 2 шілдеде Заң шығару палатасы қабылдап, Сенат 15 тамызда мақұлдаған.
Шарттың ратификациялануы Өзбекстанға ғарыш кеңістігін зерттеу және оны пайдалану, ғарыштың барлық аймақтары мен аспан денелеріне еркін қол жеткізу, сондай-ақ халықаралық ғарыш жобаларына, ресурстар мен білім алмасуға қатысу мүмкіндіктерін ашады.