
2023 жылдың 18-19 қыркүйегінде Парижде Францияның денсаулық сақтау секторы үшін бизнес және инновациялық форум өтті.
Әлемнің 30-дан астам елінен медицина саласының 300-ден астам өкілі қатысқан форумға, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі мамандарымен республиканың мамандандырылған медициналық орталықтары, облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларынан тұратын делегация қатысты.
Министрлік мәліметінше, конференция аясында біздің өкілдер Францияның өнеркәсіптік кәсіпорындарының, клиникаларының, жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, консалтингтік фирмалардың және медициналық қызмет көрсететін компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткен.
Келіссөздер барысында медицинаны дамыту, кадрлар даярлау жүйесі мен медициналық білім беруді жетілдіру, медициналық техника мен керек-жарақтарды жеткізу, саланы цифрландыру, фармацевтика салаларындағы ынтымақтастық туралы 10-нан астам меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.
Өзбекстан делегациясы Францияның Денсаулық сақтау министрлігінің Еуропалық және халықаралық істер департаменті директорының орынбасары Джером Вайнбахпен кездесіп, сұхбат барысында екі елдің министрліктері арасында бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы, Өзбекстан-Франция денсаулық сақтау апталығын Өзбекстан өткізу сынды бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды, делінген хабарламада.