
Өзбекстан электр энергиясы ең арзан әлемдегі 10 елдің қатарына кіреді.
Cable.co.uk британдық порталы құрастырған әлемдегі ең арзан электр энергиясы рейтингінде Өзбекстан жетінші орында.
Ресурстар сарапшылары 230 елдегі электр қуатының бағасына талдау жасаған болып, онда ең арзан электр энергиясы Африка мен ТМД елдерінде екен.
Талдау нәтижесіне орай Орталық Азиядағы ең арзан электр қуаты Қырғызстанда екені белгілі болды. Жалпы тізімде Қырғызстан төртінші орында тұр. Мәліметтерге сәйкес, ел азаматтары бір киловатт-сағат үшін 0,017 доллар төлейді.
Одан кейінгі орында бір киловатт-сағат үшін 0,023 доллармен Тәжікстан тұр.
Жалпы рейтингте 7-ші орында тұрған Өзбекстанда тұрғындарға арналған электр энергиясы мамандардың бағалауынша, 0,027 доллар.
Ең қымбат электр энергиясы Кариб теңізі, Тынық мұхиты аралдарында, сондай-ақ Германия мен Сомалиде – бір киловатт-сағат үшін азаматтар 0,30 доллардан 0,69 долларға дейін ақша жұмсайды.