English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы Нұр-Сұлтан қаласына барды
21:13 / 2022-02-25

25 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына бақылаушы мемлекет ретінде қатысу үшін Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов бастаған делегация Нұр-Сұлтан қаласына барды.

Премьер-Министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, пандемияға қарамастан Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 2021 жылы 30 пайызға өсіп, 12,8 миллиард долларды құрады.

Тауар айналымын одан әрі арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссиямен жүйелі әрі тиімді жұмыстар жүргізілуде. Өзбекстан Үкіметі мен ЕОИИ арасындағы бірлескен «Жол картасы» туралы келісім пысықталуда. Атаулы құжатта Өзбекстанның мүдделі органдарымен Комиссияның сауда, өнеркәсіп, кеден, қаржы және салық салаларында, сондай-ақ энергетика, техникалық реттеу, дәрі-дәрмек және медициналық техника айналымы салаларында тығыз ынтымақтастық орнатуға бағытталған бірқатар нақты шаралары қамтылған.

Бүгінгі жиында Өзбекстанның ЕАЭО аясында электрондық коммерцияны дамыту, сауданы цифрландыру, Eurasian Agroexpress логистикалық жобасындағы ынтымақтастық және экологиялық мәселелер, сондай-ақ Орталық Азиядағы көлік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану сияқты бірқатар бастамалар алға қойылды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев делегация басшыларын қабылдады.

Өзбекстан делегациясының Қазақстанға сапары барысында екіжақты кездесулер де өтті, делінген хабарламада.