English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы Дүниежүзілік жоғары білім конференциясына қатысуда
12:44 / 2022-05-19

Испанияның Барселона қаласында ЮНЕСКО-ның жоғары білім жөніндегі дүниежүзілік конференциясы өтуде.

Атаулы беделді конференцияға Білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясының басшысы Улугбек Ташкенбаев бастаған Өзбекстан делегациясы да қатысуда.

3 күнге созылатын шараның күн тәртібінде жоғары білім берудегі ұтқырлықты дамыту, осы саладағы жаһандық ынтымақтастықты жеделдету және халықаралық көпжақты конвенцияларға қосылу арқылы ұтқырлық жолындағы түрлі кедергілерді жою мәселелері орын алған.

Сондай-ақ Covid-19 пандемиясының жоғары білімге әсері, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жоғары білімнің рөлі, жоғары білімнің инклюзивтілігі талқыланды.

Әр 10 жылда бір рет ұйымдастырылатын осынау халықаралық конференцияда Өзбекстандағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту мен қатар, жоғары білім дағдыларын халықаралық деңгейде мойындау бойынша жұмыс туралы баяндама жасалады.

Сапар барысында Өзбекстан делегациясының Барселона және Пампео Фабра университеттерінің басшыларымен, Барселонадағы Ұлттық білім беру ақпараттық орталығы және ЮНЕСКО кеңсесімен кездесулері жоспарланған.

Бұған дейінгі ЮНЕСКО-ның жоғары білім жөніндегі дүниежүзілік конференциясы 1998 және 2009 жылдары Парижде өткен болатын.