Өзбекстан басшысы «Al Mirqab Capital» холдингінің атқарушы директорын қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Al Mirqab Capital» холдингінің атқарушы директоры Саиф ур-Рахман Ханды қабылдады.
1983 жылы негізі қаланған «Al Mirqab Capital» холдингі, АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыста «For Seasons», «The Ritz Carlton» және т.б. брендтерімен 20 ірі қонақүйлердің иесі. Компанияның активтері 8 миллиард доллардан асады.

Кездесуде қонақүй инфрақұрылымы мен туристік қызметті дамыту, логистика және энергетика саласын жаңғырту саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, компания Ташкент облысында логистикалық орталық, Бұхара қаласында қонақ үй-конгресс кешенін салу және республикада электр қуатын өндіру қуатын кеңейтуге инвестиция салу жоспарларын қарастырды.
Инвестициялық жобалар бірлескен «жол картасы» негізінде жүзеге асырылады.