English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан 6 айда 2 миллиардтан астам алтын сатты
08:38 / 2020-07-22

Осы кезеңде Өзбекстан сыртқы нарыққа жалпы 6 млрд 285,4 млн долларлық өнім сатқан болып, оның ішінде ең көп экспорттаған тауар алтынның үлесіне тура келген, 33,8 пайыз


Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстан 2 миллиард 124,6 миллион долларлық алтын экспорттаған.

Осы кезеңде Өзбекстан сыртқы нарыққа жалпы 6 млрд 285,4 млн долларлық өнім сатқан болып, оның ішінде ең көп экспорттаған тауар алтынның үлесіне тура келген, 33,8 пайыз.

Соңғы жылдардағы мәліметтерге назар аурасақ Өзбекстан алтын экспортын біршама ұлғайтып жатқанын көруге болады. 2015 жылда 823,9 миллион доллар, 2016 жылы 738,2 миллион доллар, 2017 жылы 1,6 миллиард доллар, 2018 жылы 2,91 миллиард доллар және 2019 жылы 4,9 миллиард доллардан астам атлын сатқан. Алайда биылғы жарты жылдықтағы көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда біршама төмендегені байқалады.