English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан 16 наурыздан бастап өз шекараларын уақытша жабады
15:57 / 2020-03-15

Медициналық бір реттік қолданылар заттар өндірісі 10 есеге өсіріледі


16 наурыздан бастап Өзбекстан Республикасы аумағына кіру мен шығуға тыйым салынады. Бұл жөнінде бүгін Премьер министр Абдулла Ариповтың корнавирусқа қатысты шұғыл өткізген брифингінде айтылды.

Нақты айтар болсақ, 16 наурыздан бастап Өзбекстан әлемнің барлық мемлекеттерімен әуе реистерін және автокөлік қатынасын тоқтатады. Үш күн ішінде теміржол арқылы жолаушылар тасымалыда тоқтап, шет елдерге шығу мен Өзбекстан аумағына кіруге тыйым салынады. Шетелдерде қалған өзбекстандықтар арнайы чартерлік рейстер арқылы әкелініп карантинге жатқызылады.

Сонымен қатар, ел ішіндегі қоғамдық көліктер мен күту бекеттері әр төр сағат сайын дезинфекцияланатын болып, медициналық бір реттік қолданылар заттар өндірісі 10 есеге өсіріледі. Осы заттардың шетке тасымалдануына жол берілмейді және ел аумағында азық-түлік бағасын қолдан өсіргендер жазаланатын болады.