English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА Пәкістанның «National Herald Tribune» газетімен меморандумға қол қойды
16:16 / 2019-12-24

Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігінде Пәкістанның «National Herald Tribune» газетінің Бас редакторы Ғулом Акбар мен кездесу өтті


Бүгін 24 желтоқсан күні Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігінде Пәкістанның «National Herald Tribune» газетінің Бас редакторы Ғулом Акбар мен кездесу өтті.

Кездесуде ӨзА-ның Бас директоры А.Кучимов пәкістандық әріптесі Ғулом Акбарды жылы қарсы алып, Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы әр түрлі сала бойынша әріптестік байланыстардың нығайып келе жатқаны жайлы сөйлесті.

Осынау жылы жүздесу аясында екі елдің ақпараттық мүмкіндіктерін асыруға бағытталған мәселе жайлы сөз болып, онда Өзбекстан мен Пәкістанда орын алған оқиғалар турасында үздіксіз ақпараттық алмасуды жолға қоюға байланысты Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі мен National Herald Tribune газеті арасында меморандумға қол қойылды.

Жуырда ғана Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығына байланысты Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігінің қызметін одан әрмен жетілдіру және ақпаратты әлемдік қауымдастыққа жедел әрі сапалы жеткізу мен ұлттық ақпараттық кеңістікті дамытуға байланысты шаралар қолға алынған болатын.