«Ювентус» қаржылық алаяқтық жасап А Сериядағы 15 ұпайынан айырылды

Туриндік «Ювентус» клубы қаржылық алаяқтық жасап А Сериядағы 15 ұпайынан айырылды.
Sky Sports хабарлауынша, Италия футбол федерациясының (FIGC) соты туриндік клубты қаржылық кірісті бұрмалаған жағдайда жазалауды сұраған прокурордың өтінішін қанағаттандырып, «Ювентус» клубын А Сериядағы 15 ұпайдан айыру туралы шешім қабылдады.
Осылайша туриндік клубтан 15 ұпайды алып тастаған соң, 37 ұпаймен 3-орында болған клуб 22 ұпаймен турнир кестесінде 10-орынға түседі.
Сондай-ақ клуб жетекшілері – Анелли, Недвед, Паратиччи, Арривабеге және Керубини 8 айдан 2,5 жылға дейін футболдан шеттетілді.
Еске сала кетейік, туриндік клуб ойыншылардың трансферлік бағасын өсіріп көрсету, құжаттардағы қызметкерлердің шығындарын азайту және ойыншылардың көпшілігінің жалақысын жасырғаны бойынша айыпталған болатын.